«Жақсы денсаулық және әл-ауқат» — ҚазҰУ

91ý

«Жақсы денсаулық және әл-ауқат»

22 қазан 2024
«Жақсы денсаулық және әл-ауқат»

21 қазан 2024 жылы молекулалық биология және генетика кафедрасында «Генетика» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен бірге эдвайзер Ж.К.Жунусбаеваның ұйымдастыруымен ТДМ 3 (ЦУР) «Жақсы денсаулық және әл-ауқат»аясында «Қызылша, тұмау және жұқпалы аурулардан алдын-алу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында жұқпалы аурулардың пайда болуы, жұғу себептері мен таралуы, алдын-алу жолдары туралы талқыланды.