АРТ-орталықтың "ҰЙЫМFEST"-ке қатысуы — ҚазҰУ

91ý

АРТ-орталықтың "ҰЙЫМFEST"-ке қатысуы

20 қыркүйек 2024
АРТ-орталықтың "ҰЙЫМFEST"-ке қатысуы

20 қыркүйекте кампуста жыл сайынғы "ҰЙЫМFEST" жастар жәрмеңкесі өтті, онда әрбір студенттік ұйым өзінің белсенді қатарына еріктілерді шақыра отырып, өзінің презентациясын  өткізеді. Мұндай ұйымдар университет қабырғасында 17-ден астам. Аталған іс-шараға Арт-орталық та қатысып, өзінің шығармашылық үйірмелерін "Бақыт" шоуы, Вокал үйірмесі, "Фараби сазы" ұлттық аспаптар оркестрі  ретінде жарнамалады. Осындай іс-шаралардың арқасында көптеген бірінші курс студенттері студенттер ұйымының белсенді мүшелеріне айналады, сонымен қатар өнер орталығының көркемөнерпаздар үйірмелерінде бос уақыттарын тиімді өткізеді.