Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді
1 маусым күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасының базасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті.
Балаларға ұмытылмас қуаныш сыйлаған бұл жарқын шараның ұйымдастырушысы — «Парасат» қызметкерлердің жергілікті кәсіподағы.Іс-шараның салтанатты бөлімін мәртебелі қонақтар ашты. «Парасат» кәсіподағының төрағасы Т.Қ. Мекебаев пен әскери кафедра бастығы полковник О.В. Әжімов бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын мерекемен жылы құттықтап, жас қатысушыларға бақытты балалық шақ, мықты денсаулық және жазғы демалысты көңілді өткізуді тіледі.Спорттық жарыстар және ұлттық ойындарҚазҰУ қызметкерлерінің, оқытушылары мен профессорларының балалары мен немерелері үшін мазмұнды интерактивті бағдарлама дайындалды.
Әскери кафедра аумағында бірнеше тақырыптық алаңдар құрылып, әр бала өзінің спорттық және зияткерлік қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды: көңілді стартар, эстафеталар және тартысты арқан тартыс; асық ату, лянга тебу және зияткерлік тоғызқұмалақ ойыны бойынша жарыстар; шахмат, бадминтон және үстел теннисі бойынша турнирлер; заманауи лазерлік тирде нысана көздеу және дартс ойнау; асфальтта түрлі-түсті бормен сурет салу конкурсы.
Мерекенің басты сәні — ҚазҰУ Арт-орталығының директоры Жанар Сартбайдың жетекшілігімен ұйымдастырылған үлкен балалар концерті болды. Мереке қарсаңында «Парасат» кәсіподағы 3-15 жас аралығындағы балалар арасында «Бақытты ел — бақытты балалық шақ» атты шығармашылық байқауын өткізген болатын. Осы байқаудың жеңімпаздары үлкен сахнада өз өнерлерін ортаға салу мүмкіндігіне ие болды. Қонақтар алдында жас вокалистер, бишілер, көркемсөз оқу шеберлері мен аспаптық композицияларды орындаушылар өнер көрсетті.Мерекелік бағдарламаның шарықтау шегі — балаларды, ата-аналарды және ұйымдастырушыларды бір арнаға тоғыстырған ауқымды заманауи би флешмобы болды.
Мереке соңында ешбір бала назардан тыс қалмады. Жарыстар мен шығармашылық байқаудың барлық қатысушылары «Парасат» кәсіподағының құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Осы ыстық жаз күнінде балалар үшін ең жағымды әрі көптен күткен тосынсый — «Шин-Лайн» компаниясы ұсынған балмұздақтардың таратылуы болды.Ауқымды шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ҚазҰУ-дың үлкен ұжымының корпоративтік құндылықтары мен отбасылық дәстүрлерін нығайта түсті және жазғы демалыстың жарқын бастауына айналды.