Этнографтардың шетелдік байланыстарынан — ҚазҰУ

91ý

Этнографтардың шетелдік байланыстарынан

25 қазан 2024
Этнографтардың шетелдік байланыстарынан

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 "Сапалы білім" бағыты аясында тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Т.Е. Картаева Әзірбайжан еліне ғылыми іс-сапар жасады.

Тарих факультеті,  Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры Т.Е.Картаева Азербайжан Республикасы Ұлттық ылым Академиясы А.А.Бакиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Түркі халықтары этнографиясы», «Тарихи этнология», «Қазіргі заманғы этнология» бөлімдеріне ғылыми тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапарға барып қайтты. Іс-сапар барысында профессор Т.Е.Картаева кафедра ғалымдарының пәнаралық зерттеулерімен, кафедраның ғылыми жобаларымен таныстырды. Профессор Т.Е.Картаева Азербайжан Республикасы этнология ғылымындағы жаңа зерттеулермен танысып, болашақ пәнаралық зерттеулерге қатысты ғылыми  байланыстар орнатты.  Сондай-ақ этноархеолог ғалым Наджаб Мусейблимен байланыс орнатып, кафедраның этноархеологиялық зерттеулеріне қатысты пікір, ақпарат алмасты.