3rd Summer School Programme Protect Environment – 2026
3rd Summer School Programme Protect Environment – 2026 (3rd SSP-PE-2026) аясындағы жазғы мектептің екінші күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде өтті. Күннің бағдарламасы геожүйелер, қоғам, білім, мәдениет және дүниетаным контекстінде қоршаған ортаға антропогендік әсерді бағалаудың заманауи әдістеріне арналды.

Таңғы сессияны Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығының директоры Маулен Мұстафаев «Заманауи дрондар және олардың қолданылу салалары» тақырыбындағы дәрісімен ашты. Баяндамасында ол ұшқышсыз ұшу аппараттарының экологиялық мониторинг, картография және аумақтарды басқару салаларындағы мүмкіндіктерін таныстырды. Одан кейін аға оқытушы Аугамбаев К. қала маңы аумақтарындағы жер пайдаланудың өзгерістерін кеңістіктік және уақыттық талдау тәсілдері туралы баяндама жасады.

PhD, аға оқытушы Камшат Темірбаева «Қазақстандағы Apis mellifera таралуы: табиғи факторлар, тұқым алуандығы және оларды сақтау мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, бал араларының биоалуандығын сақтау бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды. Түстен кейін аға оқытушы Койшыгарин А.Т. «Нақты нысандардан цифрлық рельеф модельдеріне дейін: заманауи лазерлік сканерлеу және 3D түсірілім технологиялары» тақырыбындағы дәрісін оқыды. Сонымен қатар, аға оқытушы Мұқалиев Ж.К. техногендік шектеулерді ескере отырып, Семей сынақ полигоны аумағындағы жайылымдардың жарамдылығын бағалаудың GIS және AHP негізіндегі әдісін ұсынды.

Күннің соңында қатысушылар Алматы қаласындағы ART музейге мәдени экскурсия жасап, заманауи көркем кеңістікпен және мегаполистің мәдени атмосферасымен танысты.