№9 жатақханадағы студенттердің тазалығын тексеру — ҚазҰУ

91ý

№9 жатақханадағы студенттердің тазалығын тексеру

31 қазан 2024
№9 жатақханадағы студенттердің тазалығын тексеру

2024 жылғы 31 Қазанда куратор Құдайбергенова Назгүл Жанисқызы №9 студенттер үйінде тұратын "Философия" мамандығының 1 курс студенттерімен кездесті. Кездесу барысында студенттермен жатақханада тұру ережелері тағы да талқыланып, тұрмыстық жағдайлармен танысты. Студенттер жатақханада жайлы тұру үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Студенттер бөлмелерінде, жалпы аумақтарда, жуынатын бөлмелерде барлық санитарлық нормалар сақталған. Әңгімелесу барысында жеке гигиенаны сақтаудың, жалпы тұру нормаларына құрметпен қараудың маңыздылығы атап өтілді.