Аз қамтылған отбасылардың оқушылары үшін тегін ағылшын тілі бойынша сабақтар өткізу — ҚазҰУ

91ý

Аз қамтылған отбасылардың оқушылары үшін тегін ағылшын тілі бойынша сабақтар өткізу

6 қараша 2024
Аз қамтылған отбасылардың оқушылары үшін тегін ағылшын тілі бойынша сабақтар өткізу

«Кедейлікті оның барлық нысандарында жаппай жою» №1 тұрақты даму мақсатын іске асыру шеңберінде ҚазҰУ филология факультетінің шет тілдері кафедрасы аз қамтылған отбасылардың студенттеріне қолжетімді тегін ағылшын тілі сабақтарын өткізеді. 2024 жылғы 6 қарашада мұғалім Ф.М. Мұқажанова ұйымдастырған «Ағылшын грамматикасын түсіну – грамматика сұрақтарына жауаптар» тақырыбында онлайн-сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты оқушыларға грамматикалық тақырыптарды түсіндіруге және олардың сұрақтарына жауап беруге көмектесу болды.