«Жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу: Ұлттық және халықаралық тәжірибе» — ҚазҰУ

91ý

«Жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу: Ұлттық және халықаралық тәжірибе»

5 қараша 2024
«Жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу: Ұлттық және халықаралық тәжірибе»

2024 жылдың 04 қарашасында ҒСК «Елтұтқа» қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы БҰҰ ТДМ 16- мақсатына қол жеткізу аясында және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына орай «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шарада «Елтұтқа» клубының мүшелері Капаров Е., Жолдасбеков А., Досжан Ф. белсенді қатысып, бүгінгі таңдағы кәмелетке толмаған азаматтармен жасалған құқық бұзушылықтар статистикасына негізделе отырып, олардың орын алу себеп-салдары мен қайнар көздерін талқылады. Іс-шара спикері – Капаров Ерасыл кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар санын азайту және оларды алдын алудың жаңа тәсілдерін ұсынды.