Ұлттық валюта күні-теңге — ҚазҰУ

91ý

Ұлттық валюта күні-теңге

15 қараша 2024
Ұлттық валюта күні-теңге

15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта - теңге күні атап өтіледі. Биыл кітапхана ісі мамандығы бойынша 1-курс студенттері осы күнге арналған іс-шараға қатысты.

Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Калима Толебаевна Туенбаева теңгенің айналымға енгізілу кезеңі және ұлттық валютаның ел экономикасында қалай жұмыс істейтіні туралы әңгімеледі.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушысы Мұхтар Қожабай студенттерге теңгенің тарихын баяндап, валютаның өмір сүру жылдарында банкноттардың сыртқы түрінің қалай өзгергенін көрсетті.