Семинар «Заманауи кезеңде микробіліктілікті әзірлеу»
Корлан Кадырбековна: Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы және Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы 21-22 қарашада Фараби кітапханасында өткізілетін семинарға қатысуға шақырады (408 каб.) ERASMUS-EDU-2023-CBHE "Land management, Environment & SoLId-WastE: inside education and business in Central Asia"жобасы шеңберінде/LESLIE) / Жер ресурстарын басқару, қоршаған орта және қатты қалдықтар: Орталық Азиядағы Білім және бизнес".
Семинардың мақсаты - Орталық Азия университеттерінде енгізу үшін орнықты даму саласындағы микробіліктіліктерді әзірлеудің заманауи үрдістерін талқылау және жариялау үшін диалог алаңын құру. Барлық қатысушыларға семинарға қатысқандарын растайтын сертификаттар беріледі. Семинарға қатысушылардан сауалнаманы сілтемесі бойынша толтыруды сұраймыз. Қатысу формасы: күндізгі, сырттай.