Тұрақты даму және жібек жолы туризмінің цифрлық мұрасы — ҚазҰУ

91ý

Тұрақты даму және жібек жолы туризмінің цифрлық мұрасы

22 қараша 2024
Тұрақты даму және жібек жолы туризмінің цифрлық мұрасы

2024-жылдың 22-қараша күні география және табиғатты пайдалану факультеті Рекреациялық география және Туризм кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Акбар И. ұйымдастыруымен Тұрақты Даму Мақсаттарын жүзеге асыру аясында «Жібек жолының цифрлық мұрасы және туристік ақпараттық платформа» тақырыбында көшбасшылық дәрісі өтті. Дәрісті Қытай ғылым академиясы Шыңжаң экология және география институты, Шыңжаң туризм академиясының директорының орынбасары, география ғылымдарының докторы,  профессор, Фан Хань әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттары, магистранттары және студенттеріне арнап жүргізді.