«Тәртіп – ұлт болашағы». Іс-шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы бағытына («Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар») сәйкес ұйымдастырылды. — ҚазҰУ

91ý

«Тәртіп – ұлт болашағы». Іс-шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы бағытына («Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар») сәйкес ұйымдастырылды.

25 қараша 2024
«Тәртіп – ұлт болашағы». Іс-шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы бағытына («Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар») сәйкес ұйымдастырылды.

Картография және геоинформатика кафедрасындағы ашық сабақ

Картография және Геоинформатика кафедрасының 4-курс студенттерімен «Тәртіп – ұлт болашағы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Іс-шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы бағытына («Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар») сәйкес ұйымдастырылды.

Сабақ барысында:

▫️ Заң үстемдігі мен тәртіптің қоғам дамуындағы рөлі;

▫️ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі жастардың үлесі;

▫️ Әлеуметтік жауапкершілік және тәртіп мәдениеті мәселелері талқыланды.

Студенттер белсенді қатысып, тақырып аясында пікір алмасты және өз көзқарастарын білдірді. Ашық сабақ нәтижесінде қатысушылар тәртіп пен тұрақты дамудың өзара байланысын терең түсініп, болашаққа деген жауапкершілігін арттырды.