Қытайтану кафедрасының доценті Дауен Д.Б. Нобель сыйлығының лауреаты Мо Янмен кездесті — ҚазҰУ

91ý

Қытайтану кафедрасының доценті Дауен Д.Б. Нобель сыйлығының лауреаты Мо Янмен кездесті

4 желтоқсан 2024
Қытайтану кафедрасының доценті Дауен Д.Б. Нобель сыйлығының лауреаты  Мо Янмен кездесті

Халықаралық Тарих және Өркениет Форумы аясында қытайтану кафедрасының доценті Дауен Д.Б. әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты профессор Мо Янмен кездесті. Мо Янь – қазіргі заманғы белгілі қытай жазушысы, Гонконг ашық университетінің филология ғылымдарының құрметті докторы. Қытай жазушысы Мо Янь «халық ертегілерін, тарих пен қазіргі заманды біріктіретін галлюциногендік реализмі» үшін әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алды. Сыншылар Мо Янның жетістігінің сыры дөрекі және қарапайым нәрселерді көркем нәрсеге айналдыруында деп айтады. Оның шығармалары ерекше лирикалық шаттыққа толы. Жазушы мифтер мен аңыздарды араластыра отырып, 20 ғасырдағы Қытай тарихын іс жүзінде баяндайды.