Усманова Айжамал Дусжановнаның философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны алдын-ала қорғауы — ҚазҰУ

91ý

Усманова Айжамал Дусжановнаның философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны алдын-ала қорғауы

4 желтоқсан 2024
Усманова Айжамал Дусжановнаның философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны алдын-ала қорғауы

2024 жылдың 4 желтоқсанында «Дәрілік өсімдіктермен ассоциацияланған эндофитті микроорганизмдердің алуантүрлілігі мен олардың потенциалды биотехнологиялық қолданылуы» тақырыбында Усманова Айжамал Дусжановнаның «8D05105- Биотехнология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны алдын-ала қорғауы өтті.

Диссертациялық жұмыс эндофитті микроорганизмдерді биотехнологиялық пайдалану мүмкіндігін негіздеу және оларды қолданудың тиімді әдістерін жасауға бағытталған. Жұмыстың нәтижесінде эндофитті микроорганизмдердің сандық құрамы мен таксономиялық құрылымының сипаттамасы берілді. Биотехнологиялық құнды қасиеттері бар штамдардың скринингі жасалып, олардың қолданылу тиімділігі анықталды.

Биотехнология кафедрасы