Оқушыларды ғылымға баулу! — ҚазҰУ

91ý

Оқушыларды ғылымға баулу!

10 қаңтар 2025
Оқушыларды ғылымға баулу!

Ағымдағы айдың 10 қаңтарында Алматы облысы,Ұйғыр ауданы,Шонжы ауылы Абай атындағы мектеп-гимназиясының директоры Диқанбай Қарлығаш Тоқтарқанқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі Нұрмаханова Ақмарал Садыққызымен кездесу өтті. Кездесу барысында аталған мектеп оқушыларының ғылымға құштарлығы, соның ішінде зоология, ботаника, дәрілік өсімдіктер саласына қызығушылықтары артып, оқушылардың кафедра, факультет ұстаздарының жетекшілігімен  бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі жайлы пікір, ұсыныстар айтылды және болашақта жасалатын ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыптары бойынша жоспарлар құрылды.