"Құқық негіздері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы — ҚазҰУ

91ý

"Құқық негіздері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы

24 қаңтар 2025
"Құқық негіздері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы

ТДМ 4. 2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің оқытушылары үшін ұйымдастырылған «Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» атты 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсына «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы белсене қатысуда.
Бұл курс заң саласындағы білім мен дағдыларды жетілдіруге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Кафедра оқытушыларының осындай маңызды шараға атсалысуы олардың кәсіби деңгейін одан әрі арттырып, білім алушыларға сапалы білім беру ісіне оң ықпал ететініне сенімдіміз.
Тыңдаушы: аға оқытушы Есекеева Айнаш Акимсаловна