Қытайтану кафедрасының қысқы мектебі өз мәресіне жетті — ҚазҰУ

91ý

Қытайтану кафедрасының қысқы мектебі өз мәресіне жетті

3 ақпан 2025
Қытайтану кафедрасының қысқы мектебі өз мәресіне жетті

2025 жылдың 30 қаңтарында Қытайтану кафедрасы Ресейдің Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университетінің студенттеріне арналған қысқы мектебін сәтті аяқтады. Онлайн форматта өткен бұл білім беру бағдарламасына 50-ден астам студент қатысты.

«Ұлы Жібек жолы және Қазақстан: тарихы, мәдениеті және өзара байланысы» тақырыбындағы курс ресейлік студенттердің сұраныстарына сәйкес жасақталды. Бағдарлама қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне ерекше мән беріп, шетелдік студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Курс барысында қатысушылар ежелгі Жібек жолының рөлі, қазақ халқының наным-сенімдері, ұлттық тағамдары, киімдері мен дәстүрлі ойындары туралы тың мәліметтермен танысты.

Бағдарламаның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткен Мордовия мемлекеттік университетінің студенттері болашақта осындай жобалар қайта ұйымдастырылса, тағы да қатысқылары келетіндерін жеткізді.