ылымдағы әйелдер күніне орай марапат — ҚазҰУ

91ý

ылымдағы әйелдер күніне орай марапат

13 ақпан 2025
ылымдағы әйелдер күніне орай  марапат

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 11 ақпанда аталып өткен ылымдағы  әйелдер халықаралық күніне орай салтанатты жиын өтіп, университетте жігерлі еңбек етіп жүрген әйел ғалымдар марапатталды.

Жиын барысында  ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев отандық ғылымды дамытуға айрықша үлес қосып отырған барша ханымдар мерекесі ерекше орын алатынын және университетіміздің ғылыми қызметкерлердің 71 пайызын нәзік жандылар құрайтынын атап, марапаттар мен алғыс хаттармен құттықтады.

Осы жиында біздің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрамыздың аға оқытушысы Урисбаева Айнур Аманкуловна университетіміздің өркендеуі мен дамуына қосқан зор үлесі және ғылым мен жоғарғы білім саласына сіңірген ерен еңбегі үшін «FARABI» алтын медалімен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз, еңбегіңіз жемісті, игілікті болсын