ҚазҰУ түлегі Олжас Бейсенбаев «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып тағайындалды — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ түлегі Олжас Бейсенбаев «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып тағайындалды

14 ақпан 2025
ҚазҰУ түлегі Олжас Бейсенбаев «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып тағайындалды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытайтану кафедрасының түлегі, шығыстану ғылымдарының PhD докторы Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін ол Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар, 2021 жылдан бері Президенттік жастар кадрлық резервінің және ҚР Сенаты жанындағы Жас эксперттер клубының мүшесі.

Олжас Бейсенбаев – отандық және халықаралық басылымдарда жарық көрген 20-дан астам ғылыми мақаланың авторы.

ҚазҰУ ұжымы Олжас Түсіпбекұлын жаңа қызметімен құттықтап, кәсіби қызметінде зор табыстар тілейді!