Қытайтану кафедрасының докторанты СІМ алғыс хатымен марапатталды — ҚазҰУ

91ý

Қытайтану кафедрасының докторанты СІМ алғыс хатымен марапатталды

19 ақпан 2025
Қытайтану кафедрасының докторанты СІМ алғыс хатымен марапатталды

Қытайтану кафедрасының 3 курс докторанты Шарыпова Анар Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Алғыс хатта «Халықаралық коммуникация саласында дипломатиялық қарым-қатынасты дамытуға және мемлекет аралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шараларда кәсіби аударманы жүзеге асырғаны және белсене атсалысқаны үшін» деп атап өтілген.

Анар Шарыпованы лайықты марапатымен құттықтаймыз және ғылыми әрі кәсіби қызметінде толағай табыстар тілейміз!