«Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған байқауға өтінім әзірлеу ерекшеліктері” тақырыбында семинар — ҚазҰУ

91ý

«Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған байқауға өтінім әзірлеу ерекшеліктері” тақырыбында семинар

26 ақпан 2025
«Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған байқауға өтінім әзірлеу ерекшеліктері” тақырыбында семинар

2025 жылы 25 ақпан күні Экономика және бизнес жоғары мектебі Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған байқауға өтінім әзірлеу ерекшеліктері” тақырыбында семинар өткізілді. Семинар спикері - “Экономика” кафедрасының аға оқытушысы, PhD, Калиева Асем Ермековна. Асем Ермековна жас ғалымдар мен докторанттар үшін жобаның ғылыми-тәжірибелік маңыздылығын ашып көрсетті. Сонымен қатар “Жас ғалым” жобасына қатысу процедураларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, мүмкіндіктері мен болашағын талдады. Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.