Қонақ лекция: «Әдеби шолу қалай жазылады: талдау, құралдар жне лайфхактар»
2025 жылдың 3 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия жне саясаттану факультетінде магистранттар мен докторанттарға арналған «Writing» ғылыми-зерттеу үйірмесінің ашық отырысы аясында қонақ лекция өтті. Лекцияның мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстары мен академиялық жазудың маңызды кезеңі болып табылатын сапалы әдеби шолуды дайындау әдістемесін талдау.
Спикер ретінде экономика институтындағы Zerteu LAB зертханасының меңгерушісі, ҚР ҒЖБМ ылым комитетінің жанындағы жас ғалымдар кеңесінің Президиум мүшесі, ҚР ҰҒА жанындағы Президент кеңесі аясындағы жас ғалымдар кеңесінің мүшесі — PhD Молдабекова Айсулу Турсынбайқызы сөз сөйледі.
Лекция барысында спикер әдеби шолуды жазудың нақты қадамдарын ұсынды, оның ішінде:
- релевантты әдебиетті іздеу жне іріктеу стратегиялары;
- ғылыми дереккөздерді сыни талдау әдістері;
- зерттеу мақсатына сай шолуды құрылымдау тәсілдері;
- цифрлық құралдар мен платформаларды пайдалану (Google Scholar, Mendeley, Scopus, ResearchRabbit жне т.б.);
- жне академиялық жұмысқа қатысты практикалық лайфхактар.
Спикер академиялық адалдық, дұрыс дәйексөз келтіру жне плагиаттан аулақ болу мәселелеріне ерекше тоқталды. Әдеби шолу – жай ғана формальды кезең емес, зерттеудің интеллектуалдық негізі екенін атап өтті.
Лекция Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – Сапалы білім беру шеңберінде де қарастырылды:
- Жас зерттеушілердің академиялық құзыреттерін дамыту;
- Зерттеу мәдениетін, аналитикалық жне сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;
- ылыми жне білім беру процесіне цифрлық шешімдерді енгізу.
Іс-шарада нақты зерттеу мысалдары келтіріліп, қатысушылармен интерактивті талқылау өтті. Әдеби шолу жазуда жиі кездесетін қателіктер, аргументация құру тәсілдері жне зерттеу бос кеңістігін анықтау жолдары талданды.
Ұйымдастырушылар: Шеденова Н.У., Ақмади М.А.