«FARABI HUB» ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР МЕН ӨНІМДЕРДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫFarabi University

91ý

«FARABI HUB» ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР МЕН ӨНІМДЕРДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ

31 наурыз 2025
«FARABI HUB» ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР МЕН ӨНІМДЕРДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылы 7 қараша­да жеке қабылдап, білім сапасын жақсар­ту, еліміздің дамуына ғылымның қоса­тын үлесін арттыру және университет қалашығын жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын.

Осыған сәйкес, «Farabi Hub» инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы аясында бой көтерді.

Хабтың мақсаты – озық білімге, тех­нологиялар мен ресурстарға қол жет­­кізуді қамтамасыз ете отырып, ғылы­ми әзірлемелер мен технологиялық идея­лар­­ды нақты экономикаға енгізуді жеделдету.

«Farabi Hub» университеттермен және ғылыми институттармен, сондай-ақ инвестор компаниялармен әріптестік байланыс орнатады. Бірлескен зерттеу­лер жүргізіліп, жаңа технологиялар әзірленеді.

Соңғы үлгідегі құрылғылармен жаб­дықталған ғылыми зертханалар ғылым мен технологияның әртүрлі салаларын­да зерттеулер жүргізіп, тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Креативті индустрия, жасанды интеллект, стартап жобаларды жүзеге асырады. Мұнда ZTE, BASF, Binlin технологиялық корпорациясы, Францияның жетекші мемлекеттік ғылыми мекемесі CNRS және басқа шетел­дік компаниялардың орталықтары, уни­верситет базасындағы ғылыми зерт­теу инс­титуттары орна­лас­қан. Бұған қо­сымша коворкинг алаң, конференц-зал, фуршет залы, кофехана жұмыс істейді.

«Farabi Hub» орталығының жалпы ауданы 5000 шаршы метрді құрайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі