Метеорология және гидрология кафедрасының студенттеріне арналған ауызашар — ҚазҰУ

91ý

Метеорология және гидрология кафедрасының студенттеріне арналған ауызашар

31 наурыз 2025
Метеорология және гидрология кафедрасының студенттеріне арналған ауызашар

28 наурыз күні Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары №4 жатақханада тұратын және қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған студенттер үшін ауызашар ұйымдастырды.

Іс-шара студенттер мен оқытушыларды жылы, әрі достық атмосферада біріктіріп, олар ортақ дастарханнан дәм татып, әңгімелесіп, рухани және мәдени құндылықтарды талқылауға мүмкіндік алды. Кешкі ас барысында Рамазан айының маңызы, қонақжайлық дәстүрлерін сақтау қажеттілігі айтылды және алғыс сөздерін білдірді, бұл қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Толығырақ:&Բ;