Жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиада — ҚазҰУ

91ý

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиада

16 наурыз 2025
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиада

2025 жылдың 10-15 наурыз аралығында Ақтау қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия және информатика пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті. Олимпиаданың әділ қазылар алқасы ретінде Химия және химиялық технология факультетінің Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының аға оқытушылары Бахытжан Елдана Ғалымжанқызы мен Бейсенова Гүлмира Сембайқызы болды. Олимпиадаға республикамыздың әр өңірінен білімді, ұшқыр ойлы оқушылар келіп қатысты. Осыған орай, әр мектеп түлегінің жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, “Химия және химиялық технология” факультетіндегі білім беру бағдарламалары мен мамандықтар туралы толық мәлімет берілді.