Қолжетімді және таза энергия — ҚазҰУ

91ý

Қолжетімді және таза энергия

4 желтоқсан 2024
Қолжетімді және таза энергия

Кезекті кураторлық сабағымыз Тұрақты даму мақсаттарының  7-ші  бағыты - "Қолжетімді және таза энергия" тақырыбында өткізілді. Бұл бағыт экономикалық дамуға серпін беріп, қоршаған ортаны қорғауға, денсаулық пен өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгінде энергияға деген сұраныс артып келеді, сондықтан жаңартылатын және экологиялық таза энергия көздерін дамыту – болашақ ұрпақ үшін маңызды қадам. Студенттер жаңа білім мен ақпаратты талқылап, болашақта энергия ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын қарастырды. Әрбіріміз тұрақты дамуға өз үлесімізді қоса аламыз!