IT саласындағы арулар — ҚазҰУ

91ý

IT саласындағы арулар

10 наурыз 2025
IT саласындағы арулар

Әйелдер ерте заманнан бері ғылым саласында ойып тұрып орын алып, айрықша зерттеулермен көзге түсіп жүр. Олардың арасында үлкен жетістіктерге жет­кен­де­рі де баршылық. Нәзік жан­дылар денсаулық сақ­тау, химия, физика, мате­матика, инжиниринг, философия және т.б. ғылым салаларында еңбектеніп келеді. Одан ақпараттық технологиялар саласы да қалыс қалмады. Заман талабына сай IT саласы дамыған сайын, мұндағы нәзік жандылар өз зерттеу­ле­рімен зор еңбек сіңіруде. 

ҚазҰУ-дың Ақпараттық жүйелер кафедрасында да ғылым жолында өз ізін қалдырған және білім беру са­ла­сының ауыр жүгін көтеріп жүрген қан­шама қыз-келіншектер бар. Олар ғы­лыми-техникалық жобалармен ай­налысып, алынған зерттеу нәти­же­ле­рін еліміздің дамуына арнап, жас ұр­паққа барынша сапалы білім бе­реміз деп тер төгіп келеді.

Атап айтатын болсақ, экономика ғылымының докторы, доцент Қар­лы­ғаш Байшоланова ылым және білім бе­рудің еңбек сіңірген қайраткері болса, PhD, доцент Диана Рахимова «ҚР заңнамасы саласында мемле­кет­тік тілге арналған семантикалық әдістер негізінде интеллектуалды сұрақ-жауап жүйесін зерттеу және әзірлеу», PhD Айдана Кәрібаева «Түр­кі тілдерінің параллель мәтіндер кор­пу­сын автоматты түрде генера­ция­лау­ды зерттеу және оларды ней­­рондық модельдерде пайда­лану», PhD Кәмшат Түсіпова «Өндірістік кә­сіпорындар үшін ресурстарды оң­тай­лы бөлу және олардың даму динамикасын болжауға арналған интеллектуалды ақпараттық жүйені әзірлеу» атты ғылыми-техникалық жо­баларға жетекшілік етіп, жақсы нә­тижелер көрсетіп келеді. Техника ғылымының кандидаты Лейла Көп­босын ғылым мен бесікті қатар алып жүрген көпбалалы ана болса, PhD, доцент қызметін атқарып жүрген Әсем Шормақова мен Гүлбану Мы­р­зах­медова ғылым мен білім беру саласына өз үлестерін қосып жа­тыр. Аталған нәзік жанды ұстаздар IT са­ласында жүрген көп әйелдің са­нау­лысы ғана. Болашақта әйел ға­лым­дардың саны артып, ғылыми ең­бек­тері бағаланып, қоғамдағы рөлі арта түседі деген сенімдемін.

Президентіміз Қасым-Жомарт То­қаев: «Қазақстандағы ұстазд­ар­дың басым көпшілігі – әйелдер. Сіз­дер жас ұрпақты отаншылдыққа, бі­лім­паздыққа, еңбекқорлыққа бау­лып жүрсіздер. Ұлт саулығын жақ­сар­туға зор еңбек сіңіріп келесіздер. Қазақстанның көркеюіне елеулі үлес қосып жүрген осындай жандар зор құрметке лайық. Бұл керемет үрдіс», – деп, әйел адамның ғылым мен білім саласындағы рөлін ерекше атап өтті. Университетіміз де ғалым аруларды әрқашан қолдап, барынша жағдай жасап, олардың маңдай тері мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі ең­бегін ескеріп келеді.

Әйгерім МАРАТҚЫЗЫ,

Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы