Жас ғалымның жетістігі: Анатолий Райымбек – Фараби әлемі конференциясының 2 орын иегері — ҚазҰУ

91ý

Жас ғалымның жетістігі: Анатолий Райымбек – Фараби әлемі конференциясының 2 орын иегері

12 сәуір 2025
Жас ғалымның жетістігі: Анатолий Райымбек – Фараби әлемі конференциясының 2 орын иегері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Биология және биоресурстар кафедрасының 1 курс докторанты «Геоботаника» мамандығы бойынша білім алушы Анатолий Райымбек Қайратұлы "Фараби әлемі" атты халықаралық ғылыми конференцияда үздік нәтиже көрсетіп, ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, ол 50 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Жас ғалымның ғылыми қызығушылықтары мен зерттеу бағыттары:

  • Батыс Қазақстан облысының кіші өзендер бассейндерінің динамикалық өзгерістері мен флоралық құрамын зерттеу;
  • Жайық өзені бойындағы өсімдіктердің биоалуантүрлілігін саралау;
  • Аймақтық флораны геоботаникалық тұрғыда бағалау және экожүйелік ерекшеліктерін талдау.

Бүгінде ол халықаралық деңгейде жарияланған 6 ғылыми мақала мен 2 оқу-әдістемелік құралдың авторы. Бұл жетістік – Анатолий Райымбек Қайратұлының ғылымға деген құштарлығы мен еңбекқорлығының айқын көрінісі. ылым жолындағы әрбір қадамыңыз сәтті болып, үлкен биіктерге жете беріңіз!