ТДМ 4. Сапалы білім беру — ҚазҰУ

91ý

ТДМ 4. Сапалы білім беру

21 сәуір 2025
ТДМ 4. Сапалы білім беру

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, физика-техникалық факультетінде теоериялық және ядролық физика кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 21- сәуір күні Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында "6В05307-Ядролық физика" БББ  бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі өткізілді. 

Олимпиадаға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және өз университетіміздің 2-3 курс студенттері қатысып, бақ сынасты. Олимпиада нәтижесінің қорытындысы марапаттау сәтінде көрсетілген.

Сондай-ақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен келген олимпиада қонақтарына кампус-тур жасап, университетіміздің мұражайын көрсетіп, қара шаңырағымыздың тарихымен таныстырдық.