Батыр рухына тағзым: Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған еске алу кеші — ҚазҰУ

91ý

Батыр рухына тағзым: Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған еске алу кеші

22 сәуір 2025
Батыр рухына тағзым: Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған еске алу кеші

 

2025 жылдың 22 сәуірінде қазақ халқының ұлы перзенті, Ұлы Отан соғысының қаһарманы, әскери стратег, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай рухани-патриоттық еске алу кеші өтті.

Іс-шараны ұйымдастырған:

Исламтану мамандығының 1 курс магистранты – Дәуренбек Нарұл

Педагогикалық практика жетекшісі – философия ғылымдарының кандидаты Ж.О. Қаңтарбаева

Кеш аясында батырдың өмірі мен ерлігіне арналған Quizizz платформасында интерактивті викторина ұйымдастырылып, студенттер өз білімдерін сынап көрді. 3-ші және 2-ші орын алған жеңімпаздарға өз мамандықтарына сай пайдалы ғылыми кітаптар, ал 1-орын иегеріне Әзілхан Нұршайықовтың әйгілі «Ақиқат пен аңыз» атты туындысы табысталды.

Іс-шара барысында деректі фильм көрсетіліп, әдеби композициялар, көркем сөз оқу, көрме сынды мазмұнды бағдарламалар ұсынылды. Бауыржан атамыздың: «Ұлттың ұлт болуы үшін – бірінші рух, екінші білім, үшінші бірлік керек» деген даналық сөзі кештің басты ұраны болды.

Бұл – тек еске алу кеші емес, сонымен қатар жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға бағытталған маңызы зор мәдени-ағартушылық бастама болды.