«Қазақстан — халықтар достығының мекені» тақырыбындағы тәрбиелік/кураторлық сағаты — ҚазҰУ

91ý

«Қазақстан — халықтар достығының мекені» тақырыбындағы тәрбиелік/кураторлық сағаты

29 сәуір 2025
«Қазақстан — халықтар достығының мекені» тақырыбындағы тәрбиелік/кураторлық сағаты

2025 жылдың 28 сәуірінде биотехнология кафедрасының оқытушысы Мамытова Н.С. «6В05103 – Биотехнология» мамандығының ағылшын тілі тобының 3 курс студенттерімен  «Қазақстан — халықтар достығының мекені» атты тәрбиелік/кураторлық сағатын өткізді.

Кураторлық сағат барысында  3 курс студенттері «Қазақстан — халықтар достығының мекені» тақырыбында презентация жасап келді және тақырыпты талқылады.

Біздің топта да басқа ұлт өкілдері бар және олар топта бір-бірін қолдайды, көмек керек жағдайда қол ұшын созуға дайын.  Біздің топ студенттері- достықтары жарасқан, бір-бірімен тату және сыйлы топ.

Қазақстан- татулық пен бірліктің мекені!