UNEC өкілі Саида Халилмен қонақ дәрісі: Дамушы елдердегі циркулярлы экономикаға көшу стратегиялары — ҚазҰУ

91ý

UNEC өкілі Саида Халилмен қонақ дәрісі: Дамушы елдердегі циркулярлы экономикаға көшу стратегиялары

5 мамыр 2025
UNEC өкілі Саида Халилмен қонақ дәрісі: Дамушы елдердегі циркулярлы экономикаға көшу стратегиялары

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары экономика және бизнес мектебінде Саида Халил ханымның қонақ дәрісі өтті. Ол – Әзербайжан мемлекеттік экономика университетінің (UNEC) зерттеушісі, Bloomberg қаржылық зертханасының жетекшісі, Түркі әлемі экономика факультетінің оқытушысы және Әйел зерттеушілер кеңесінің төраға орынбасары.

«Дамушы елдердегі циркулярлы экономикаға көшу стратегиялары: Әзербайжан мысалында» тақырыбындағы баяндамасында Саида Халил циркулярлы экономиканың даму модельдері мен оларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Ол бұл бағыттағы Әзербайжанның тәжірибесі мен кездесетін қиындықтары, сондай-ақ стратегиялық мүмкіндіктер туралы бөлісті.

Кездесу университет оқытушылары мен студенттері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Баяндамадан кейінгі сұрақ-жауап сессиясы белсенді өтті. Іс-шара тұрақты даму мен экономикалық стратегияларды дамыту жөніндегі академиялық пікір алмасуға үлес қосты.

Саида Халил туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы көруге болады: