ҚазҰУ тоғызқұмалақ жарысында жүлделі болды — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ тоғызқұмалақ жарысында жүлделі болды

15 мамыр 2025
ҚазҰУ тоғызқұмалақ жарысында жүлделі болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас спортшылары  Түркістан қаласында өтіп жатқан XIII жазғы универсиадада тоғызқұмалақтан қыздар арасында командалық жарыста жүлделі үшінші орынға ие болды.

Команда құрамы: механика-математика факультетінің 3-курс студенті Зухра Сейдулла, механика-математика факультетінің 2-курс студенті Райхан Қайрат,  физика-техникалық факультетінің 3-курс студенті Мәдина Таңатарқызы, физика-техникалық факультетінің 1-курс студенті Ақерке Шамшархан.

Тоғызқұмалақшы студент жастарды жаттықтырушы –  Спорт клубы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының оқытушысы Айнұр Молдахметова.

ҚазҰУ спортшылары жазғы универсиадада спорттың 16 түрінен сынға түсуде.

Студент жастарымызды кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі