- Басты бет
- Жаңалықтар
- ЮНЕСКО жне ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия отырысына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ЮНЕСКО кафедраларының меңгерушілері қатысты
ЮНЕСКО жне ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия отырысына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ЮНЕСКО кафедраларының меңгерушілері қатысты
2025 жылғы 16 мамыр күні Алматы қаласындағы UN Plaza ғимаратында Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО жне ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин төрағалық етті. Күн тәртібінде мәдени жне табиғи мұраларды сақтау, ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелер қаралды.
Аталған маңызды жиынға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к. Базарбаева Тұрсынкүл Аманкельдиевна жне Журналистика жне коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, доцент Ошанова Орынтай Жанабаевна қатысты.
ҚазҰУ-дың ғылыми өкілдерінің қатысуы тұрақты даму жне жаһандық экологиялық, мәдени, білім беру мәселелеріндегі университеттің белсенді ұстанымын жне халықаралық ынтымақтастыққа деген ұмтылысын тағы бір мәрте көрсетті.