Ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі — ҚазҰУ

91ý

Ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі

20 мамыр 2025
Ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетіндегі химиялық-технологиялық институтының директоры Ильдар Ахметов бастаған делегация жұмыс сапармен келді.

Қонақтармен Басқарма мүшесі – ылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректордың м.а. Марғұлан Ибраимов кездесіп, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық келешегін талқылады.

Жүздесу барысында проректор Ильдар Ахметовке ҚазҰУ-дың жеткен жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Өз кезегінде химиялық-технологиялық институтының директоры Ильдар Ахметов  өзара серіктестіктің жемісті боларына сенім білдірді.

Кездесу нәтижесінде тараптар білім және ғылым саласындағы көпжылдық ынтымақтастықты арттыру, оқытушылар мен студенттер үшін академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін кеңейту, бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламаларын жалғастыру жөніндегі мәселелер бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі