Король Салман атындағы халықаралық араб тілі академиясының өкілдері Конфуций институтында — ҚазҰУ

91ý

Король Салман атындағы халықаралық араб тілі академиясының өкілдері Конфуций институтында

27 мамыр 2025
Король Салман атындағы халықаралық араб тілі академиясының өкілдері  Конфуций институтында

Король Салман атындағы халықаралық араб тілі академиясының өкілдері бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Конфуций институтының директоры Рақымжан Асылбеков мырзамен кездесті. Кездесу барысында Конфуций институты мен Король Салман халықаралық араб тілі академиясының қызметтері мен бағдарламасындағы үұсастықтар мен айырмашылықтар сөз болды. Академия өкілдері қытай тілін таратудағы, қытай тілін үйренушілердің тілді меңгеру дәрежесін анықтаудағы HSK жүйесі мен сертификаты туралы институт тәжірибесіне қызығушылық білдірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Арабистика орталығының үйлестіруімен бірлескен жобаларды (көп тілді сөздіктер, оқулық құрастыру мәселесі т.с.с) жүзеге асыру туралы ұсыныстар айтылды.