«Елімнің рміздері» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлерінің «Парасат» ксіподағы 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рміздері күніне арналған «Елімнің рміздері» атты шығармашылық байқаудың қорытындысын жариялады.
Байқау оқу орны қызметкерлерінің балалары арасында ұйымдастырылды. Оған 200-ден астам бала қатысып, өнерге, Отанға деген сүйіспеншілігін білдірді.

Шара Мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін жас ұрпақ санасына сіңіру, отансүйгіштікке баулу және балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Қатысушылар екі түрлі бағытта өнер сайысына түсті. «Қазақстанның рміздері» атты сурет және қолөнер байқауында балалар өз елінің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны бейнеленген шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Екінші бағыт – «Еліміздің мақтан тұтар рміздері» деп аталып, қатысушылар Қазақстанның рміздері туралы жырлар мен өлеңдерді нақышына келтіре орындады. Екі бағыт бойынша қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 3-6 жас, 7-10 жас және 11-15 жас санатына бөлінді. Нәтижесінде әр номинация бойынша үздіктер анықталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Парасат» ксіподағы тағайындаған арнайы диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Шара барысында қатысушылар мен ата-аналар ұйымдастырушыларға алғысын жеткізіп, мұндай игі бастамалар балалардың шығармашылық және рухани дамуына көрсетілген қолдау екенін атап өтті.



ċċċċċċ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар