«Бутаковка» сарқырамасына жорық — ҚазҰУ

91ý

«Бутаковка» сарқырамасына жорық

9 маусым 2025
«Бутаковка» сарқырамасына жорық

Ағымдағы жылдың 6 маусым күні География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы Әділбай Б.С. ұйымдастыруымен, тұрақты дамудың үшінші мақсаты: «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында  1 курс студенттерінің оқу-жаттығу тәжірбиесін өткізу мақсатында «Бутаковка» сарқырамасына жорық ұйымдастырылды.

«Бутаковка» сарқырамасы өзімен аттас шатқалда орналасқан Іле Алатауындағы ең әсем сарқырамалардың бірі. Жорықта, 1 курс студенттері Кіші Алматы шатқалының көркем табиғатымен, әсем орындарымен және өзгеде туристік соқпақтарымен танысып, ақпарат алды.