Профессор Цао Ясюннің семинары — ҚазҰУ

91ý

Профессор Цао Ясюннің семинары

23 ақпан 2016
Профессор Цао Ясюннің семинары

4 ақпан күні «Қытайтану апталығы» бағдарламасы аясында профессор Цао Ясюннің «Жаңа Жібек жолы—тұрақты даму белдеуі» тақырыбында лекциясы өтті. Лекция өте танымды болды, әрі кафедра оқытушылары мен студенттердің қызығушылығын тудырды. Лекция соңы сұрақ-жауап түріндегі дискуссияға ұласты. Сонымен қатар, көпшіліктің назарына «Жібек жолын жандандыру» атты деректі фильм ұсынылды. Семинар барысында көптеген қызықты мағлұматтар берілді, қатысушылардың көңілінен шықты.