ҚАЗҰУ СТУДЕНТІ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЛТЫН АЛДЫ — ҚазҰУ

91ý

ҚАЗҰУ СТУДЕНТІ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЛТЫН АЛДЫ

12 тамыз 2025
ҚАЗҰУ СТУДЕНТІ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЛТЫН АЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің 2 курс студенті Айдана Хасенқызы Қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогі үшін жарыста 48 келі салмақта алтын жүлдегер атанды.

Семей қаласының «Абай Арена» спорт кешенінде өткен жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшылар 16 салмақ дәрежесінде бас сынасты.

Бұл күрес додасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі