Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасында дипломдық жұмыстар қорғалды — ҚазҰУ

91ý

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасында дипломдық жұмыстар қорғалды

13 шілде 2025
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасында дипломдық жұмыстар қорғалды

2025 жылғы 10–13 маусым аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде, «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасында бакалаврлар мен магистранттардың дипломдық жұмыстарын қорғау рәсімі өтті.

Студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы математикалық және компьютерлік модельдеудің өзекті мәселелерін көтеріп, алған білімдерін нақты жобалар мен есептерде көрсете білді. Қорғау жұмыстары ашық форматта өтті, комиссия құрамына кафедра оқытушылары мен сыртқы сарапшылар кірді.

МКМ кафедрасының маманы