ТДМ-13 жне ТДМ-15 бағыттары аясында «Табиғи экожүйелердің бұзылуы жне оның салдары» тақырыбында танымдық дөңгелек үстел өткізілді — ҚазҰУ

91ý

ТДМ-13 жне ТДМ-15 бағыттары аясында «Табиғи экожүйелердің бұзылуы жне оның салдары» тақырыбында танымдық дөңгелек үстел өткізілді

10 қазан 2025
ТДМ-13 жне ТДМ-15 бағыттары аясында «Табиғи экожүйелердің бұзылуы жне оның салдары» тақырыбында танымдық дөңгелек үстел өткізілді

2025 ж. 29 қыркүйек күні Биология жне биотехнология факультетінің Ботаника жне агроэкология кафедрасында «Табиғи экожүйелердің бұзылуы жне оның салдары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны кафедраның аға оқытушысы, PhD, Алдибекова Алмагүл Рахатқызы өткізді. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – студенттердің экожүйелердің қазіргі жағдайы туралы ғылыми әрі сыни көзқарасын қалыптастыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сондай-ақ БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 13-і (Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл) жне 15-і (Құрлық экожүйелерін сақтау) шеңберінде жаһандық экологиялық мәселелерді талқылау болды. Іс-шара барысында студенттер:
• Табиғи экожүйелердің бұзылу себептері мен салдарын;
• Ормандардың жойылуы, шөлейттену жне биологиялық әртүрліліктің төмендеуі сияқты өзекті экологиялық проблемаларды;
• Климаттық өзгерістердің жергілікті жне жаһандық әсерлерін;
• Экожүйелерді сақтау мен қалпына келтірудегі жастардың, болашақ экологтардың рөлін қызу талқылады.

Студенттер өз баяндамаларында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жасыл технологияларды енгізу, табиғатты қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені қолдану сияқты өзекті ұсыныстар айтты.

Қорытындысында, дөңгелек үстел табиғатты қорғауға бағытталған білім мен тәжірибе алмасуға, студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті. Іс-шара білім алушылардың Тұрақты даму мақсаттарына бейжай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным танытуына жол ашты.

 

 

 

 

 

Ботаника жне агроэкология кафедрасы

Байланыс үшін:
Куратор: Алдибекова Алмагул Рахатовна
Электрондық пошта: Almagul.Aldibekova@kaznu.edu.kz
Телефон: +77021851525