ылыми басылымдардың сапасын арттыру — ҚазҰУ

91ý

ылыми басылымдардың сапасын арттыру

14 қазан 2025
ылыми басылымдардың сапасын арттыру

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ылым және инновациялық қызмет департаменті университеттің ғылыми журналдарының редакторларымен жұмыс жиналысын өткізді.

Жиында ҚазҰУ ғылыми басылымдарының сапасын арттыру, халықаралық ғылыми кеңістікке ілгерілету стратегияларын талқылау және редакциялық ұжымдардың еңбегін ынталандыру шараларын қарастыру мәселелері талқыланды.

Кездесуде университет басшылығы тарапынан ғылыми журналдардың редакторларының жалақысы арттырылғаны хабарланды. Бұл шешім редакциялық еңбекті жоғары бағалау мен журналдардың сапасын одан әрі көтеруге бағытталған.

Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 26 ғылыми журнал жарық көреді. Олардың бірқатары Scopus және Web of Science сияқты халықаралық деректер базаларына енген. Жиналыста осындай журналдардың процентиль деңгейін көтеру, редакциялық саясатты жетілдіру, импакт-факторды арттыру, сондай-ақ DOAJ және басқа да халықаралық индекстерге жаңа журналдарды енгізу жоспары егжей-тегжейлі талқыланды.

Сонымен қатар қатысушылар редакциялық процестерде туындап отырған өзекті мәселелерді ортаға салып, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынды. Атап айтқанда рецензенттік сапаны арттыру, мақалаларды іріктеу критерийлерін жетілдіру, жарияланымдардың ашықтығы мен академиялық адалдықты қамтамасыз ету бағытындағы ұсыныстар қаралды.

Жиналыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты шешімдер қабылданып, жауапты тұлғалар мен мерзімдер бекітілді. ылым және инновациялық қызмет департаменті алдағы уақытта ғылыми журналдарды халықаралық деңгейде танымал ету және университеттің ғылыми беделін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

ҚазҰУ ғылыми журналдарымен төмендегі сілтемелер арқылы танысуға болады:

Журналдың атауы

Сілтеме

Жауапты редактор

1

International Journal of Biology and Chemistry

Хим. - Агибаева Лаура

(+7 701 326 8402)

Био. - Оразова Салтанат Болатовна

(+7 705 228 4649)

2

International Journal of Mathematics and Physics

Сарсембаева Айганым

 (+7 701 127 9585)
Сабирова Роза

(+7 701 293 8321)

3

Physical Sciences and Technology

Мұсабек Гауһар

+7 777 677 8763

4

Farabi Journal of Social Sciences

Асыл-Кеней Сымбат

Жанатқызы

+7 702 555 06 59

5

interdisciplinary Approaches to Medicine

Капанова Гульнар

+7 777 221 0090

6

Journal of problems in computer science and information technologies

Нурахов Едиль

7

Биология сериясы

Шокатаева Дина

+7 702 715 8111

8

Химия сериясы

Бакайкина Надежда

+7 702 408 2240

9

Физика сериясы

Иманбаева Ақмарал

Каримовна
+7 702 201 9559

10

Математика, механика, информатика сериясы

Шәкір Айдос

+7 775 528 0175

11

География сериясы

Қайранбаева Гаухар
+7 778 419 7654

12

Экология сериясы

Омирбекова Анель
+7 747 253 72 88

13

Тарих сериясы

Гүлмира Салимжановна Султангалиева
+7 701 425 1750

14

Дінтану сериясы

Байжума Самет

+7 700 789 0987

15

Шығыстану сериясы

Тұрар Айдана

+7 778 527 3341

16

Экономика сериясы

Иляшова Гулия Кенжебековна

+7 701 727 6779

17

Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы

x.php/1-mo

Гульнар Серикбаевна

Байкушикова
+7 701 949 2271

18

Философия, саясаттану, мәдениеттану сериясы

Айгерим Кабдолланова
+7 708 355 0031

19

Заң сериясы

Сманова Акмарал
+7 702 683 3709

20

Филология сериясы

Алдашева Қамар

+7 701 560 8798

21

Журналистика сериясы

Дудинова Елена

Ивановна
+7 777 173 8947

22

Педагогикалық ғылымдар сериясы

Кудайбергенова Алия Маликовна

+7 701 264 4898

23

Психология және социология сериясы

Адилова Эльнур

+7 747 631 8311

24

Ашық жүйелер эволюциясы мәселелері журналы

Құралай Еркенқызы

+7 707 828 9010

25

Новые исследования Тувы

Аманжолова Джемма

Болатовна
+7 775 949 4940

26

Global Synergy

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі