Техникалық қызмет зертханасы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында BASF Mining Solutions техникалық қызмет зертханасының ашылу салтанаты өтті. Бұл Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласын дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан ауқымды ғылыми жоба.
Айтулы шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер бойынша проректоры Алина Галеева, «Тау-кен өнеркәсібіне арналған шешімдер» бағытының жетекшісі Ростислав Камкин, BASF компаниясының EMEA және Орталық Азия аймағы бойынша аймақтық бизнес-директоры Мильяна Спасич, сондай-ақ BASF Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласындағы клиенттері мен серіктестері және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.
Жаңа зертхана минералды шикізатты өңдеу және гидрометаллургия салаларында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ тау-кен өндірісінің тиімділігін арттыратын инновациялық шешімдерді әзірлеуге арналған.
Мамандардың айтуынша, зертхана BASF-тың флотация мен гидрометаллургия бағыттарындағы жаһандық тәжірибесіне сүйене отырып, кен өндіру саласындағы компанияларға минералдарды бөліп алу, шығындарды азайту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.
Әйгерім
ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ