Алматыда «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында Екінші компьютерлік ғылымдар факультет декандарының форумы өтті — ҚазҰУ

91ý

Алматыда «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында Екінші компьютерлік ғылымдар факультет декандарының форумы өтті

18 қыркүйек 2025
Алматыда «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында Екінші компьютерлік ғылымдар факультет декандарының форумы өтті

18 қыркүйекте Алматы қаласында «Бір белдеу, бір жол» Екінші компьютерлік ғылымдар факультет декандарының форумы табысты өтті. Іс-шараны Солтүстік-Батыс политехникалық университеті (ҚХР), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің Компьютерлік ғылымдар мектебі жне ҚазҰУ базасындағы Қазақстан филиалы бірлесіп ұйымдастырды.

Форум «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жан-жақты жүзеге асыруға бағытталған жне компьютерлік ғылымдар мен жасанды интеллект салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді.

Бағдарлама аясында пленарлық баяндамалар мен дөңгелек үстелдер өтті. Онда компьютерлік ғылымдар мен жасанды интеллектті біріктіретін білім беру жобалары, жасанды интеллект дәуіріндегі оқыту әдістері жне білім метаверсін қалыптастыру тақырыптары талқыланды.

Форумға Қытай, Қазақстан, Моңғолия жне Гонконгтан келген жетекші ғалымдар қатысты. Олардың қатарында ҚазҰУ-дың Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Тимур Иманқұлов пен Жасанды интеллект жне үлкен деректер кафедрасының меңгерушісі Мадина Мансурова бар.

Қатысушылар жасанды интеллект дәуіріндегі компьютерлік ғылымдардың өзекті мәселелерін, аймақтық технологиялық ынтымақтастықты жне генеративті ИИ-дың білім беру саласындағы мүмкіндіктерін талқылады.