- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қытайтану кафедрасының өкілдері Өзбекстанда өткен халықаралық конференцияға қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қытайтану кафедрасының өкілдері Өзбекстанда өткен халықаралық конференцияға қатысты.
2025 жылдың 8 қарашасында Өзбекстан Республикасының Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінде (ТМШУ) «Өзбекстан – Қытай: тарихи-мдени, ғылыми жне экономикалық байланыстардың дамуы» атты халықаралық ғылыми-тжірибелік конференция жне «Қытай – Орталық Азия: мемлекетаралық алмасу жне ынтымақтастық» атты халықаралық форум өтті.
Іс-шара ЮНЕСКО жне ТМШУ жанындағы Конфуций институтының қолдауымен ұйымдастырылып, Орталық Азия елдерінен, Қытайдан жне басқа да мемлекеттерден келген жетекші ғалымдар мен зерттеушілерді, оқытушыларды бір арнаға тоғыстырды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бұл беделді ғылыми жиында Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Фарида, сондай-ақ кафедраның докторанттары Пак Раиса Леонидовна пен Чэнь Цзясюй таныстырды.
Пленарлық жне секциялық отырыстар барысында ҚазҰУ өкілдері өздерінің ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды:
- Оразақынқызы Фарида мен Пак Раиса Леонидовна «Advancing Chinese Language Teaching through Innovative Technologies» атты баяндама жасап, инновациялық цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қытай тілін оқытудың заманауи тәсілдерін талқылады.
- Чэнь Цзясюй «The Linguistic Powerhouse: A CSP-Driven Model for Fostering High-Quality Human Resources for Sino-Uzbek Economic Cooperation» атты баяндамасында Қытай мен Өзбекстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жоғары білікті кадрларды даярлау үлгілерін ұсынды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдерінің Ташкенттегі халықаралық конференция мен форумға қатысуы Қазақстан, Өзбекстан жне Қытай арасындағы ғылыми жне академиялық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл іс-шара шығыстану, лингвистика жне мәдениетаралық коммуникация салаларындағы университетаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етті.

Басқа жаңалықтар