Тұрақты даму мақсаттары аясындағы сабақ: денсаулық, білім жне таза энергия — ҚазҰУ

91ý

Тұрақты даму мақсаттары аясындағы сабақ: денсаулық, білім жне таза энергия

5 қараша 2025
Тұрақты даму мақсаттары аясындағы сабақ: денсаулық, білім жне таза энергия

2025 жылдың 5 қарашасында орыс филологиясы жне әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Сайлауова Асем Саятқызы «6B05402 – Математика» мамандығының 2-курс студенттерімен бірге Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) арналған сабағын өткізді. Сабақтың негізгі тақырыптары: ТДМ 3 – Жақсы денсаулық пен амандық, ТДМ 4 – Сапалы білім жне ТДМ 7 – Қолжетімді әрі таза энергия болды.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттерде өз денсаулығына, білім алуына жне экологиялық жауапкершілігіне саналы көзқарас қалыптастыру. Студенттер салауатты өмір салты, үздіксіз білім алу жне қоршаған ортаны қорғау ұғымдарының өзара байланысын талқылады.

Сабақ барысында студенттер плакаттар мен презентациялар дайындап, аталған мақсаттардың маңызын өз көзқарастарымен көрсетті. ТДМ 3 тақырыбы бойынша студенттер физикалық жне психологиялық саулықтың маңызын, аурулардың алдын алу жолдарын жне позитивті өмір салтын насихаттады. ТДМ 4 аясында білімнің жеке тұлға дамуы мен қоғамның өркендеуіндегі рөлін атап өтті. Ал ТДМ 7 тақырыбында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, жаңартылатын энергия көздеріне көшу жне экологиялық сананы арттыру мәселелері қарастырылды.

Сабақ интерактивті форматта өтті: студенттер өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойып, күнделікті өмірден мысалдар келтірді. Әрбір қатысушы жаһандық мақсаттарға жетуге өзінің қалай үлес қоса алатыны туралы ой қозғады.

Сабақ соңында Асем Саятқызы мұндай іс-шаралардың жастардың экологиялық жне әлеуметтік ойлау қабілетін дамытып, сын тұрғысынан ойлауға жне әлемдік мәселелерге қызығушылық танытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Осындай шаралар студенттердің белсенді өмірлік ұстанымын, жауапкершілігін жне азаматтық сана-сезімін нығайтып, тұрақты даму құндылықтарын дәріптеуге ықпал етеді.