Ұлттық валюта - елдің айбыны! — ҚазҰУ

91ý

Ұлттық валюта - елдің айбыны!

14 қараша 2025
Ұлттық валюта - елдің айбыны!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Логистика» мамандығының 3-курс студенттері Ұлттық валюта күніне арналған «Ұлттық валюта – елдің айбыны» атты мазмұнды ашық кураторлық сағат өткізді.

Ашық сағат барысында студенттер Қазақстанның ұлттық валютасы — теңгенің қалыптасу тарихы, оның экономикалық маңызы және ел тәуелсіздігін нығайтудағы рөлі туралы мазмұнды ақпарат беріп, тақырыпты бірлесіп талқылады.