Farabi University

91ý

Стартап жобалар жне бизнес инкубатор

Халықаралық «Фараби әлемі» студенттері мен жас ғалымдарының ғылыми конференциясы аясында жыл сайын студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалар байқауы өткізіледі. Байқаудың мақсаты – үздік студенттік инновациялық бизнес-идеяларды іріктеп, оларды идеяны әзірлеуден бастап коммерцияландыруға дейінгі барлық даму кезеңдерінде акселерациялауға қолдау көрсету.
2023 жылы аталған байқауға 72 инновациялық жоба қатысты. Нәтижесінде 9 жоба жеңімпаз деп танылды.

2023 жылы сондай-ақ Jas Ventures Almaty жне SDU серіктестігімен, «Qazinnovations» АҚ қолдауымен JAS Incubation Fall Season инкубациялық бағдарламасы ұйымдастырылды. Инкубация бағдарламасына университет атынан келесі студенттер қатысты:

  • Абылай Асыл — Экономика жне бизнес жоғары мектебінің студенті, «4 BalAPPan» стартапы (балалар мен ата-аналар үшін 1Fit тәрізді қосымша);
  • Балабаева Айдана — Химия жне химиялық технология факультетінің студенті, «Хлоргексидин негізінде антисептикалық құралдардың гидрогельдік формаларын әзірлеу жне өндіру» стартапы;
  • Айтекина Азиза — «Aitekit» стартапымен.

Инкубация нәтижесінде Aitekit стартапы жеңімпаз атанды. Жоба акне жне басқа да тері ауруларын емдеудегі тиімсіз әрі жекелендірілмеген тәсілдер мәселесін шешіп, клиенттерге тері микробиомын инновациялық талдау жне олардың жеке қажеттіліктеріне негізделген жекелендірілген косметикалық өнімдер ұсынды.

2024 жылы байқауға 58 инновациялық жоба қатысты, оның ішінде 9 жоба жне 2 номинация жеңімпаз болды. Жеңімпаздар дипломдар жне ақшалай сертификаттармен марапатталды.

2024 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша университет студенттері тарапынан 24 стартап жоба іске асырылуда.
2022 жылы студенттік бизнес-инкубатор жұмысының нәтижесінде 6 студенттік стартап, 2023 жылы 7 стартап жоба іске қосылды.

Бұл студенттердің инновациялық бастамаларға қызығушылығының артып, жобалар санының көбейіп келе жатқанын көрсетеді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2025 жылғы 5–12 сәуір аралығында IV Халықаралық Фараби форумы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалар конкурсы өтті.


Іс-шараның мақсаты — үздік студенттік бизнес-идеяларды іріктеу жне олардың идеядан бастап коммерцияландыруға дейінгі барлық даму кезеңдерінде қолдау көрсету. Конкурс Технологияларды коммерцияландыру жне креативті индустрия орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Университет студенттерді оқу барысында-ақ өздерінің инновациялық жобаларын әзірлеуге жне кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға ынталандыруды мақсат етеді. Бұл — олардың кәсіби траекториясын құруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға жне болашақ кәсіпкер ретінде қалыптасуына зор мүмкіндік. Конкурс Студенттік бизнес-инкубатордың бірыңғай даму стратегиясын қалыптастыруға жне университеттердің студенттік кәсіпкерлікті қолдау процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді.

2025 жылы студенттік бизнес-инкубаторлардың ең үздік инновациялық жобалары көрмеге ұсынылды. Байқауға 51 инновациялық жоба қатысты. Нәтижесінде 9 жоба жеңімпаз деп танылып, олардың авторлары дипломдармен жне ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды — бұл олардың шығармашылық көзқарасын, батыл идеяларын жне кәсіпкерліктің болашағына қосқан үлесін танытатын маңызды белгі.

Үздік инновациялық жобалар авторларын марапаттау рәсімі университет өміріндегі маңызды оқиға саналады, себебі ол шығармашылық ойлауды, инновацияны жне кәсіпкерлікті қолдауға деген біздің тұрақты ұстанымымызды көрсетеді.

I дәрежелі диплом жне ақшалай сертификат

  • Механика-математика факультетінің «Робототехника» бағытының студенті Қалжан Асхат,
    ғылыми жетекшісі — Сагитжанов Бирлик Майронович.

II дәрежелі диплом жне ақшалай сертификат иегерлері:

  • Довузовтық білім беру факультетінің студенті Толқын Сұңқар, «IT технология» бағыты,
    ғылыми жетекшісі — Ибрагимова Меруерт Нуржигитовна;
  • Филология факультетінің студенті Серіқбаева Айым Алмасқызы, «Қазақ стиліндегі комикс» бағыты,
    ғылыми жетекшілері — Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы, Оспанова Гүлмария Тұрысбековна;
  • Физика-техникалық факультетінің студенті, НИИЭТФ, «Жасанды интеллект» бағыты бойынша
    Болысбай Аслан Тынымбайұлы, ғылыми жетекшісі — Ахтанов Саят.

III дәрежелі диплом жне ақшалай сертификат иегерлері:

  • Физика-техникалық факультетінің студенті Қазбеков Нұртілек, «Қуат электроникасы» бағыты,
    ғылыми жетекшісі — Тергемес Қажыбек Тілеуғалиұлы;
  • Экономика жне бизнес жоғары мектебінің студенті Абдулазиз Амаль, «Бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу» бағыты,
    ғылыми жетекшісі — Товма Наталья Александровна;
  • Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері Аронов Данияр Талғатұлы, Төлеген Арман Бахрамұлы, Тыныс Болат Сейдуллаұлы, «Виртуалды тур» бағыты,
    ғылыми жетекшісі — тарих факультетінің оқытушысы Бекбауова Жұлдыз Маратовна;
  • Химия жне химиялық технология факультетінің студенттері Ульфанова Ясмина Зиядыловна, Минкаева Аяулым Азаматқызы, «Парфюмерия жне азық-түлік өнеркәсібі» бағыты,
    ғылыми жетекшісі — Жанар Жеңіс;
  • География жне табиғатты пайдалану факультетінің студенті Жанахмет Рахат жне
    Шаймерден Алина, «Төтенше жағдайлар кезіндегі адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағыты,
    ғылыми жетекшісі — Абдибаттаева Марал Мауленовна.

 

| |