Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Нурсеитова Лайла Дюсенгалиевнаның «Жапон аймақтық бастамаларының трансформациясы және «Орталық Азия плюс Жапония» форматындағы Қазақстан-Жапония серіктестігі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Азмуханова Айман Максутовна – тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор міндетін атқарушы. Мамандығы: шифр 07.00.09 – тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері (Диплом FK №0004018) (Астана қ., Қазақстан);
2. Муратбекова Альбина Мырзахановна – PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. Мамандығы: 6D020900 – Шығыстану (Алматы қ., Қазақстан).
ылыми жетекшілер:
1. Ашинова Жанар Ерболатовна – т.ғ.к., доцент, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Қазақстан);
2. Акифуми Шиоя – PhD, профессор, Цукуба университеті (Цукуба, Жапония).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Дүйсен Ғалымжан Мұстахимұлы – экономика ғылымдарының докторы, доцент, ҚР ҒЖБМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты (Алматы қ., Қазақстан);
2. Байсултанова Кулипа Чарипкановна – саяси ғылымдарының кандидаты, профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
3. Нургалиева Ляйля Кайраткызы – PhD, Такасаки Университетінің қауымдастырылған профессоры (Такасаки қ. Жапония).
Қорғау 2026 жылдың 29 мамырда сағат 10:00-да Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020900, 8D02209 – Шығыстану» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта, келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050012, Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 95, Шығыстану факультеті.
Zoom конференциясына қосылу:
Идентификатор: 993 5077 7339